2025 жылдың басынан бастап қазақстандықтар пайдаланылған машиналарды көбірек сатып алды деп хабарлайды Freedom Bank сарапшылары. Қаңтардан ақпанға дейін банктің цифрлық автокредит арқылы сатып алынған автомобильдердің 79%-дан астамы — жүрілген автомобильдер.

Бұл ретте өткен жылдың қорытындысы бойынша сатып алынған автомобильдердің жалпы санының 64%-ы жаңа машиналарға тиесілі болды. Сатып алу белсенділігінің ең жоғары шегі қаңтар, ақпан және наурыз айларында болды.

Сарапшылардың пікірінше, Freedom Bank арқылы сатып алынған автомобильдердің ең көп саны Hyundai маркасына тиесілі, екінші орында — Chery, үштікті — Toyota жабады.

Сонымен қатар, Toyota жүрілген автомобильдер арасында көшбасшы болды, бірақ жаңа көлік сатып алудың ең танымал бренді Chery болып танылды.

Естеріңізге сала кетейік, Freedom Bank құны 50 млн. теңгеге дейінгі автомобильдерге цифрлық автокредит береді. Кредит бойынша мөлшерлеме — 4%-дан 23%-ға дейін (ЖТСМ 4,1%-дан 25,6%-ға дейін). Қарыз сомасына КАСКО, АЖМС сақтандыруға арналған шығындар, сондай-ақ оны таңдау кезінде VIP-нөмірдің құны енгізілетін болады.

Кредитті банк сайтында бір тәулік ішінде рәсімдеуге болады, ол үшін телефон нөмірі, ЖСН және мемлекеттік нөмір қажет. Процесс аяқталғаннан кейін банк дайын техникалық төлқұжат пен мемлекеттік нөмірді үйге жеткізеді, қызмет әзірге Астана, Алматы және Шымкент қалаларында қолжетімді.

25.06.2024 ж. берілген №1.1.108 банктік және өзге де операцияларды жүргізуге арналған ҚНРДА лицензиясы