Еуразиялық экономикалық комиссияның  дерегінше, 2025 жылғы шілденің соңында Еуразиялық экономикалық одақ елдеріндегі ресми жұмыссыздар саны 752,1 мың адамды құрады. Бұл – одақтағы еңбек күшінің 0,8%-ы. Бір жыл бұрынғы кезеңмен салыстырғанда көрсеткіш 6,3% төмендеді.

Қазақстандағы жағдай

Қазақстанда ресми жұмыссыздық деңгейі 3,8%-ға жетіп, одақтағы ең жоғары көрсеткіш болып қалды. Елдегі тіркелген жұмыссыздар саны – 369,1 мың адам.

Салыстырмалы түрде:

Қырғызстанда – 1,6% (45,3 мың адам),

Арменияда – 2,7% (36,6 мың адам),

Беларусьте – 0,1% (4 мың адам),

Ресейде – 0,4% (297,1 мың адам).

Жылдық динамика

2024 жылғы шілдемен салыстырғанда Қазақстанда тіркелген жұмыссыздар саны 338,7 мыңнан 369,1 мыңға дейін артты; Арменияда да жұмыссыздық үлесі жоғары – 2,7%, бірақ абсолюттік көрсеткіш Қазақстаннан әлдеқайда төмен; Ресейде көрсеткіш бір жыл ішінде 361 мыңнан 297 мыңға төмендеді.