Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Үкіметте 2025 жылдың сегіз айында азық-түлік өндірісі 10,1% артып, 2,5 трлн теңгеге жетті. Бұл көлем ішкі нарықты толық қамтып, қолжетімді өніммен қамтамасыз етуге жеткілікті.

Астық және дәнді дақылдар

Бидай: егіс көлемі шамамен 1 млн гектарға қысқарғанымен, орташа түсімнің артуы (14,6 ц/га) нәтижесінде жалпы жинақ өткен жылмен шамалас болады.

Күріш: өндіріс көлемі 500 мың тоннадан асады деп күтілуде, бұл ішкі сұранысты жапқан соң экспорттық әлеуетті сақтауға мүмкіндік береді.

Қарақұмық: шамамен 90 мың тонна, қажеттіліктен артық өнім береді. Орташа түсім – 13,3 ц/га (2024 жылы – 12,3 ц/га).

Министрдің сөзінше, жалпы астық өндірісі ішкі қажеттіліктен алты есе жоғары, сондықтан өңдеу саласын толық қамтуға мүмкіндік бар.

Майлы және мал шаруашылығы өнімдері

Майлы дақылдар бойынша да жоғары өнім болжанып отыр. Бұл май-тоң май өнімдері нарығын толық қамтуға жол ашады.

Мал шаруашылығы өнімдері бойынша жағдай мынадай:

ет (сиыр, қой, жылқы) және жұмыртқа – ішкі нарықты толық қамтиды,

құс еті – қамтамасыз ету деңгейі 79%-дан 82%-ға өсті,

сүт өнімдері – толықтай отандық өндіріс есебінен жабылады.

Нарық тұрақтылығын қамтамасыз ету

Министрдің айтуынша, алдағы кезеңде басты міндет – өнімді тек тұрақтандыру қорлары арқылы ғана емес, сонымен бірге сауда желілері мен көтерме сатушылармен келісімшарт негізінде жеткізу. Бұл тәсіл маусымаралық кезеңде бағаның күрт құбылуына жол бермей, нарықты тұрақты өніммен қамтамасыз етеді.

Бұл мақсатқа өңірлерде 100 млрд теңгеден астам қаржы қарастырылған. Қаражат ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге айналымдық схема арқылы беріледі.