Qazaq Air Жезқазғаннан Өскеменге тікелей ұшады

Qazaq Air Жезқазғаннан Өскеменге тікелей ұшады

Qazaq Air әуе компаниясы 12 қаңтардан бастап Жезқазғаннан Өскеменге тікелей әуе қатынасын іске қосады. Ұшулар сәрсенбі және жұма күндері аптасына 2 рет жиілікпен орындалады:

  • IQ 501 Жезқазған (11:30) – Өскемен (13:20)
  • IQ 502 Өскемен (13:50) – Жезқазған (15:50)

Жезқазған-Өскемен-Жезқазған бағыты бойынша ұшулар жаңа генерацияланған de-Havilland Dash 8-Q400 канадалық әуе кемесінде Орындалатын болады.

Субсидияланатын әлеуметтік маңызы бар авиарейстердің құны бір бағытта 15 000 теңгені құрайды.

14 жасқа дейінгі балаларға компания 50% көлеміндегі жеңілдік ұсынады. Қолжүгін тасымалдау нормасы 5 кг, жолжүктікі – 20 кг. Ұшу датасы мен билеттерді қайтару кезінде ақша ұсталмайды.

Билеттерді қазірден бастап flyqazaq.com ресми сайтынан, сондай-ақ әуекомпанияның сату кеңселерінде брондауға және сатып алуға болады.