2026 жылдың қаңтар айының қорытындысы бойынша Қазақстанда жылдық инфляция 12,2%-ды құрады, ал қаңтар айының өзінде баға 1% өсті. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады.
«Азық-түлік тауарларының бағасы бір жылда 12,9% (2025 жылғы желтоқсанда – 13,5%), ақылы қызметтер – 12% (2025 жылғы желтоқсанда – 12%), азық-түлік емес тауарлар – 11,7% (2025 жылғы желтоқсанда – 11,1%) өсті», – делінген ҰСБ хабарламасында.
Жылдық инфляция деңгейіне ең көп үлес қосқандар:
- Азық-түлік өнімдері мен алкогольсіз сусындар — 5,4 пайыздық тармақ;
- Көлік — 1,1 пайыздық тармақ;
Жеке күтім, әлеуметтік қорғау және өзге де тауарлар мен қызметтер, киім және аяқ киім — 1 пайыздық тармақ.
Бір ай ішінде (желтоқсанмен салыстырғанда) азық-түлік емес тауарлардың баға деңгейі 1,2%, ақылы қызметтер – 1,1%, азық-түлік тауарлары – 0,8% қымбаттады.