«ҚазМұнайГаз» қаңтар айымен салыстырғанда ақпан айының басынан бері дизельдік отын мен бензиннің көтерме бағасын тиісінше 1,7% және 2,5% көтерді, деп хабарлайды Reuters өз дереккөзіне сілтеме жасап. Нарықтың басқа қатысушылары, соның ішінде делдалдар да жанармай бағасын көтерді.

«Мұнай өнімдері нарығының тағы бір ірі қатысушысы «ҚазМұнайГаз» ҰК (ҚМГ) ақпан айында бензин мен дизель отынының көтерме бағасын тиісінше 2,5%-1,7% өсірді. ҚМГ ақпан айында Шымкент және Павлодар мұнай өңдеу зауыттарынан АИ-92 партиясын тоннасына 219 980 теңгеден, жазғы/маусымаралық дизель отынын тоннасына 289 110 теңгеден сатады», — делінген хабарламада.

Яғни, АИ-92 бензиніні литрінің көтерме бағасына литріне 220 теңгеге жетер-жетпес  болмақ.