Бірінші несие бюросы наурыз айындағы несие нарығын көрсеткіштерін жариялады.

Екі айлық құлдыраудан кейін автонесиелеу жандана бастады. Берілген несие көлемі 138,7 млрд теңгені құрады. Бұл алдыңғы айдағы деңгеймен салыстырғанда 14% (17,2 млрд теңге), өткен жылдағы осы уақыттағыдан – 28% (30,3 млрд  теңге) жоғары. Берілген несие саны 16,1 мың болды. Көрсеткіш 2024 жылдың ақпан айындағы мәннен – 15% (2,1 мың) және 2023 жылғы наурыздағыдан – 8% (1,1 мың) жоғары.

Берілген несиенің орташа сомасы 8,6 млн теңге.

Ипотеканың динамикасы соншалықты анық емес. Қазіргі уақытта берілген несиенің көлемі 135,7 млрд теңге. Бір айда бұл көрсеткіш 19% (32,2 млрд теңге) төмендесе, бір жылда 31% (31,8 млрд теңге) өсті.

Берілген ипотека саны бір айда 15% төмендесе (1,6 мың бірлік), жылдық көрсеткіштің 19% )1,4 мың бірлік) артты. Бір айда барлығы 8,8 мың ипотекалық несие берілді.

Кепілсіз тұтынушылық несиелеу де ішінара баяулауда. Берілген несие көлемі бір айда 4% (37,1 млрд теңге), 812,5 млрд теңгеге, берілген несие саны – 3% (82,6 мың), 2,8 млн-ға дейін төмендеді. Бұл ретте, бір жылда берілген несие сомасы — 23% (150,6 млрд теңге), олардың саны – 10% (258,2 мың) ұлғайған.

Бірақ кепілді тұтынушылық несиелер айтарлықтай төмендеді. Берілген несие саны 2020 жылдың шілдесінен бастап ең аз (11 мың бірлік), ал сомасы 2023 жылдың қаңтарынан бастап (24,1 млрд теңге) ең аз болды.

Наурызда берілген барлық бөлшек несиелердің сомасы 1,2 трлн теңгені (бір айда -6%, бір жылда +22%), ал олардың саны 4,2 млн болды (бір айда -3%, бір жылда +11%).

Жеке тұлғалардың жалпы портфелі 1 сәуірдегі жағдай бойынша 20,6 трлн теңгені құрады.

Бизнеске берілген несиеге келсек, жалпы сомасы өткен айдың деңгейінде қалды – 1,4 трлн теңге. Бұл ретте 2023 жылдың наурыз айымен салыстырғанда 14% немесе 172,8 млрд теңге. Бұл ретте берілген несие саны айлық (-6% немесе 2,8 мың бірлік), сондай-ақ жылдық (-28% немесе 16,4 мың бірлік) көрсеткіште төмендеді. Қазіргі деңгей 42,1 мың бірлікті құрайды. Берілген несиенің орташа сома 34 млн теңге.

1 сәуірдегі жағдай бойынша бизнес портфелі 25 трлн теңгеге жетті. Оның құрылымындағы жеке кәсіпкерлердің үлесі дерлік 11%-ды (2,7 трлн теңге) құрайды.