N1Broker брокерлік компаниясының 9,99% акциясы Ресей азаматы Рафаэль Валеев иелігіне өтті, делінген компанияның қаржылық есебінде.
N1Broker-дің негізгі акционері бұрынғыдай Андрей Тимченко болып қала береді. Оның үлесі – 90,01%.
Андрей Тимченко сонымен қатар Bereke Bank басқарма төрағасы екенін еске саламыз.
Ашық деректерге сәйкес, Рафаэль Валеев қазіргі уақытта Bereke Bank-те ақпараттық технологиялар жөніндегі директор қызметін атқарады. Ол бұл лауазымға 2022 жылдың желтоқсанында келген. Бұған дейін, 2021–2022 жылдары Ресейдегі Альфа-Банк құрылымында дәл осындай қызметте жұмыс істеген.
Тимченко мен Валеевтің жолы дәл осы Альфа-Банкте тоғысуы мүмкін. Андрей Тимченко аталған қаржы ұйымында 2016–2022 жылдары еңбек еткен, деп жазады Kursiv.
N1Broker қаржылық көрсеткіштерін айтарлықтай жақсартқан. 2025 жылдың қорытындысында компания 417,9 млн теңге көлемінде таза пайда тапқан. Ал 2024 жылы брокердің шығыны 289,2 млн теңгені құраған болатын. Осылайша қаржылық нәтиже бір жылда 707 млн теңгеден астам жақсарған.
Компания активтері бір жылда 61,3%-ға өсіп, 941,2 млн теңгеден 1,52 млрд теңгеге дейін көбейген. Міндеттемелер көлемі болса 15 еседен астам артып, 11 млн теңгеден 170 млн теңгеге жеткен.
N1Broker – Қазақстан қор биржасы сауда мүшесі және Астана халықаралық қаржы орталығы мойындаған нарық қатысушысы.