Бүгін, 9 наурыз күні Астана уақытымен 09:00-де Азия нарығында мұнай бағасы 116 доллардан асты. Күрт қымбаттауға Таяу Шығыстағы қақтығыс ұзаққа созылса Ормуз бұғазы арқылы мұнай өткізудің біржола тоқтау қаупі әсер етті. Бұл бұғаз арқылы әлем мұнай экспортының 25%-ы, Таяу Шығыс елдері экспортының 70%-ы өтеді.

Астана уақытымен 10:00-де баға сәл арзандап 106 доллар айналасына тұрақтады. 

Өткен аптаны, айта кетейік, мұнай бағасы 90 доллардың үстінде жапқан. Ал одан бір апта бұрын Иранға шабуыл жасалғанға дейін баға 73 доллар шамасында болған.