2025 жылдың қаңтар–маусым айларында микроқаржы ұйымдарының жиынтық таза пайдасы 49,5 млрд теңгені құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,6% төмен (2024 жылы – 50,3 млрд теңге). Деректерді Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі ұсынды.
Салада қазір 212 микроқаржы ұйымы жұмыс істейді. Олардың жиынтық активтері 1,9 трлн теңгеге жетіп отыр. Бұл көрсеткіш МҚҰ-дың қаржылық экожүйедегі үлесінің әлі де жоғары екенін, алайда табыс өсімінің баяулай бастағанын аңғартады.
Банктік лицензияға көшу үрдісі
Соңғы уақытта ірі микроқаржы ұйымдары үшін банк мәртебесіне өту басты трендке айналды. KMF пен BNK Finance 2025 жылдың жазында ресми түрде банкке айналды. Solva да осы бағытта жұмыс істеп жатыр. Бұдан бөлек, тағы бірнеше ірі ойыншы базалық банк лицензиясын алу мүмкіндігін қарастырып жатыр.