Қазақстанның мұнай компаниялары 2025 жылдың 9 айында мемлекеттік бюджетке түскен салықтардың 41,7%-ын төлеген.

Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің дерегінше, мұнай-газ секторынан түскен салық көлемі 8,4 трлн теңгеге жеткен.

Барлығы қазынаға 9 айда 20,14 трлн теңге салық түсті: республикалық бюджетке – 10,5 трлн теңге; жергілікті бюджеттерге – 6,8 трлн теңге; Ұлттық қорға – 2,8 трлн теңге.

Ең ірі үлес «Теңізшевройл» компаниясына тиесілі. Ол жалғыз өзі 2,6 трлн теңге немесе барлық түскен салықтың 13%-ын төлеген.