Мемлекет әлеуметтік азық-түлік бағасын қоя береді

Мемлекет әлеуметтік азық-түлік бағасын қоя береді

Президенттің азаматтардың әлеуметтік аз қамтылған санаттарына тиімді атаулы қолдауды қамтамасыз ете отырып, тікелей бағаны реттеуден кезең-кезеңімен бас тарту туралы тапсырмасын орындау үшін 2024 жылғы сәуірде бизнесті жүргізуді реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

«Осы өзгерістерге сәйкес біз әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын тікелей реттеуден бас тартамыз және атаулы әлеуметтік көмекке көшеміз. Сауда үстемесінің 15%-ы бақылауды күшейту пайдасына әлеуметтік маңызы бар тауарларға шекті бағаларды енгізу тетігі алынып тасталады», – деп атап өтті Арман Шаққалиев.

Дайындық кезеңінде атаулы көмек тетігін тестілеуге бағытталған «Цифрлық азық-түлік ваучері» пилоттық жобасы жүзеге асырылуда. Оның шеңберінде алушыларға әлеуметтік маңызы бар тауарларды сауда үстемесінсіз сатып алу бағасымен сатып алуға мүмкіндік беретін азық-түлік ваучерлері ұсынылады, бұл көмекті мақсатты және әділ бөлуді қамтамасыз етеді.