2026 жылдың I тоқсанында заңды тұлғалардың депозиттері ең жоғары қарқынмен өскен банк — Отбасы банк болды. Бұл туралы Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы хабарлайды.
Қауымдастық дерегінше, Отбасы банкіндегі заңды тұлғалардың депозиті 2026 жылдың үш айында 157%, яғни 139,6 млрд теңгеге өсіп, 228,6 млрд теңгеге жетті.
Айта кетейік, жыл басында Үкімет басшысы Олжас Бектенов мемлекеттік органдар мен банкке жұмысшылар үшін жеңілдетілген ипотека және жалға берілетін тұрғын үй бағдарламаларын іске қосуды тапсырды.
Банктің мәліметінше, оларда мұндай «Корпоративтік» өнімі бар. Ол бойынша компариялар қызметкерлеріне 0% бастапқы жарнамен, 5,2% жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемемен, 19 жылға ипотека алуына ықпал ете алады.
Компаниялар қаражатты осы несие үшін ақшаларын Отбасы банкіне депозитке салып жатқан болуы мүмкін.