2025 жылғы мамырда тұтыну бағаларының айлық индексі баяулай түсіп, 0,9% құрады (2025 жылғы сәуірде — 1,2%). Ақылы қызметтердің бағасы 1,3%, азық-түлік тауарлары – 0,9%, азық-түлік емес тауарлар 0,6% өскен.
Азық-түлік өнімдерінің бағасының төмендеуі қиярға – 37,1%, қызанаққа – 19,8%, қырыққабатқа – 7,7%, бананға - 5,7%, жұмыртқаға 2,4% болды. Өз кезегінде бағалар лимонға – 9,1%, алма – 6,1%, алмұрт – 5,2%, жүзім — 5,1% өскен.
Биылғы мамыр айында алтын сақинаға баға 4,6%, құрылыс материалдарына – 1,1%, киім мен аяқ киімге, жеке пайдалануға арналған тауарларға – әрқайсысы 0,8% қымбаттаған.
Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында суық суға тарифтер 4,2%, су бұруға – 1,6%, тарату желілері арқылы тасымалданатын газға – 1,5%, электр энергиясына – 1,4% өсті. Теміржол көлігінің қызметі 2,1%, санаторилер қызметі 2% қымбаттаған.
Өңірлер арасында ең төменгі айлық инфляция Қарағанды облысында – 0,2%, Астана қаласында – 0,3%, Ақмола, Алматы, Маңғыстау, Түркістан, Ұлытау облыстарында тіркелді – әрқайсысында 0,6%.
2025 жылғы мамырда жылдық мәнде инфляция деңгейі 11,3% құрады. Бағалар ақылы қызметтерге – 16%, азық-түлік тауарларына – 9,6%, азық-түлік емес тауарларға 9%, жоғарылады.