Қаржы министрлігі 115 мыңнан астам қазақстандықтың мобильді аударымдарын тексерді.
Қаржы министрі Мәди Такиевтің айтуынша, 10 банкпен бірлесіп жеке тұлғалардың аударымдарына талдау жүргізілген.
Нәтижесінде:
— 115 мың адам жалпы сомасы 1 трлн теңгеге аударым алған;
— Негізгі үлес жеке тұлғалар арасындағы аударымдарға тиесілі — шамамен 67 мың адам 670 млрд теңге алған;
— Бақылау күшейтілген 7,8 мың бейрезидент алушы анықталған;
— Жеке кәсіпкерлердің шоттарына 200 млрд теңге түскен;
— Барлық алушыларға (олардың арасында курьерлер мен такси жүргізушілері де бар) түсініктеме беру үшін хабарламалар жіберілген.