Көлік пен құрылыс саласы қарқынды өсіп келеді

Көлік пен құрылыс саласы қарқынды өсіп келеді

Биыл қаңтар-наурыз айларында өңдеу өнеркәсібінде тұрақты оң серпін 8,7% деңгейінде сақталып отыр. Негізгі өсім машина жасау (17,7%), тамақ өндірісі (13,2%), машиналар мен жабдықтарды қоспағанда, дайын металл бұйымдары (28,7%) салаларындағы көрсеткіштердің өсуі арқасында қамтамасыз етілген. Сонымен қатар тау-кен өнеркәсібінде өсім (6,1%) байқалды.

Құрылыс саласында тоқсандық қорытынды негізінде өсу көрсеткіші 16,9%-ға жетті. Мектептер, автокөлік жолдары, теміржол желілері, инженерлік инфрақұрылым құрылысы бойынша жұмыс көлемінің артуы туралы баяндалды. 

Премьер-министр отандық өндірістермен, оның ішінде Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны жүзеге асыру шеңберінде өзара іс-қимылды арттыру бойынша бірқатар тапсырма берді. 

Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының алдын ала деректері бойынша, биыл қаңтар-наурыз айларында ЖІӨ өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,8%-ды құрады. Нақты көлем индексі көлік саласында – 21%-ды, құрылыста – 16,9%-ды, өнеркәсіпте – 6,6%-ды, саудада – 6,3%-ды құрайды.