Қаңтар-ақпан айларында шетелден кофе импорты 45% өсіп, 786,9 тоннаны құрады, бұл, статбюро хабарлауынша, кемі соңғы алты жылдағы рекорд.
Бір қызығы, өсім салыстырмалы түрде жоғары – бір жыл бұрын 542,4 тонна болған. Ол кезде іс жүзінде динамика болған жоқ. Бірақ дәл осыған дейін, яғни 2023 жылдың қаңтар-ақпан айларында көрсеткіш жылдық 74% өсті. Толық жылдардың қорытындысы бойынша кофе импорты тұрақты түрде қарқын алуда. Мысалы, бүкіл 2024 жылы 3,6 мың тонна импортталды, өсім +13%.
Айтпақшы, ақшалай есептегенде, имплрт тіпті 60% өсіп, 6,3 млн долларға жетті. Ақшалай және физикалық көлем арасындағы өсу қарқынының айырмашылығын тоннаға шаққандағы орташа бағаның өсуімен байланыстыруға болады – 7,2 мың доллардан 7,9 мың долларға дейін.
Сонымен қатар, импорт құрылымы жыл ішінде айтарлықтай өзгерді. Қазіргі уақытта жалпы көлемде қуырылмаған кофе басым — 66%. Қуырылған кофе үлесі, тиісінше, 34%. 2024 жылдың қаңтар-ақпан айларында екі сегменттің үлесі шамалас болды. Сондай-ақ, Қазақстан кофені негізінен Бразилиядан (48% немесе 378,4 тонна) және Ресейден (19% немесе 152,4 тонна) сатып алатынын атап өткен жөн.
Импорттың өсуіне реэкспорттың өсуі де әсер еткен сияқты. Қаңтар-ақпан айларында экспорт жылдық 8,4 есе өсіп, 378,8 тоннаны құрады.