KMF банк 2025 жылғы пайдадан дивиденд төлемейді

KMF банк 2025 жылғы пайдадан дивиденд төлемейді

KMF Bank, 2025 жылдың тамызында микроқаржы ұйымынан банкке айналғаннан кейін, өткен жылға жай акциялар бойынша дивиденд төлемеу туралы шешім қабылдады. Бұл туралы компания KASE биржасына хабарлады.

«KMF Bank 2025 қаржы жылындағы таза табысын бөлу тәртібі келесідей бекітілсін: дивидендтер төленбесін, ал 2025 жылғы таза табыс бөлінбеген пайда құрамында қалдырылсын», — делінген хабарламада.

Айта кетейік, 2025 жылдың қорытындысы бойынша банктің бөлінбеген пайдасы 42,3% өсіп, 19,2 млрд теңгеге жеткен.

Тиісті шешім 26 мамыр күні акционерлердің жалпы жиналысында қабылданған.

2025 жылдың қорытындысында KMF Банктің таза пайдасы 1,9 есе азайып, 5,7 млрд теңгені құрады. Бұған негізінен қаржы құралдарымен жасалған операциялардан 4,3 млрд теңге көлемінде шығынға ұшырауы себеп болды. Ал бір жыл бұрын бұл бағытта 1,1 млрд теңге көлемінде пайда тіркелген еді.