Клиенттерінің қаражаты азайғасын Kaspi таза пайдасы да кеміп кетті

Клиенттерінің қаражаты азайғасын Kaspi таза пайдасы да кеміп кетті

Kaspi.kz финтех компаниясының таза пайдасы 2026 жылдың қаңтар–наурыз айларында 2025 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 0,84% төмендеп, 251,9 млрд теңгені құрады. Бұл туралы KASE хабарлады.

Пайданың төмендеуіне негізінен табыс салығы бойынша шығындардың өсуі әсер еткен. Сонымен қатар резервтер құруға, технологиялар мен өнімдерді әзірлеуге, сондай-ақ тауарлар мен қызметтердің өзіндік құнына кететін шығындар артқан.

Компания активтері жыл басынан бері 0,14% өсіп, 11,09 трлн теңгеге жетті. Бұған клиенттерге берілген несиелер көлемінің 1,2% артып, 7,26 трлн теңгеге жетуі себеп болған.

Міндеттемелер 2025 жылғы 31 желтоқсанмен салыстырғанда 1,9% азайып, 8,32 трлн теңгені құрады. Бұл негізінен субординацияланған қарыздың 12,4 есе қысқарып, 13 млн теңгеге дейін төмендеуіне байланысты. Клиент қаражаты 1,4% азайып, 7,42 трлн теңгені құрады.

Компанияның меншікті капиталы жыл басынан бері 6,7% өсіп, 2,77 трлн теңгеге жетті. Бұған көбіне бөлінбеген пайданың 9% артып, 2,77 трлн теңгеге жетуі ықпал еткен.