Қазақстанның Автокөлік Одағы дерегінше, 2026 жылғы ақпанда Қазақстан аумағындағы ресми дилерлер 13 399 жаңа жеңіл және коммерциялық автомобиль сатты, бұл былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда 16,1% аз. Екі ай қорытындысы бойынша 27 643 автомобиль өткен, бұл былтырғы ұқсас кезеңге қарағанда 1,5% көп.

Ақпанда ең көп өткен 10 бренд арасында Hyundai (2 768; былтырғы ақпанмен салыстырғанда -31,2%) бірінші орында. 

Kia әлі де екінші орында (2 402; +33,1%). 

1 975 моделі иесін тапқан Chevrolet үшінші орынға тұрақтады (-5%). 

Одан кейін Chery (1 043; +0,4%), Jetour (808; -30,3%), Changan (748; +34,8%), Haval (535; -25,1%), Geely (403; -46,8%), Jac (357; -53%) және Toyota (288; -58,3%) тұр.

Алғашқы ондыққа кірмеген брендтердің ішінде BYD кәдімгідей жақсы нәтижеге қол жеткізді: ақпанда дилерлер 268 гибрид пен электромобильдің кілтін тапсырған, бұл бір жыл бұрынғыдан 793,3% көп. Нарыққа жаңа шыққан Geely Galaxy-ді деп атап өткен жөн, алдыңғы айда «жаңа энергиямен» жүретіндерін қосқанда, 125 автомобиль сатылды.

Ақпанда саудасы қызған модельдер қатарында Chevrolet Cobalt көш бастады (1 761). Екінші орында Hyundai Tucson (1 744), үшінші орында Kia Sportage (1 278). Сонымен қатар тізімге Changan CS55 Plus (513), Kia Soluto (382), Kia Sorento (352), Chery Tiggo 2 (325), Chery Tiggo 7 (313), Jetour X70 Plus (310) және Hyundai Mufasa (254) енді. Үздік ондықтағы модельдердің бәрі Қазақстанда жасалған.

Естеріңізге сала кетейік, қаңтарда үздік он модель қатарында Chevrolet Cobalt (2 191), Kia Sportage (1 482 ),  Hyundai Tucson-ға (1 397), Hyundai Mufasa (497), Kia Cerato (493), Jac S3 Pro (442), Changan CS55 Plus (440), Chery Tiggo 2 (369), Hyundai Elantra (363 және Kia Soluto (337) болған.

Екі айдағы нәтижеге сәйкес Hyundai (5 466; -24,3%) көш басында. Оның ізін ала саудасы екі есе артқан Kia (5 176; +85,9%) келеді. Kia сатылымын екі есеге жуық арттырып, Hyundai-ды қуып жетуге жақындады. Үштікті Chevrolet (4 487; +37,2%) түйіндеді. 

Одан бөлек тізімде Chery – 2 050 (+17,3%), Changan – 1 465 (+58%), Jetour – 1 408 (-19,1%), Haval – 1 081 (-16,5%), Jac – 1 040 (-22,9%), Geely – 753 (-46,9%) және Toyota – 685 (-46,4%) бар.