«KEGOC» АҚ 2025 жылғы бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша жай акцияларына дивидендтер төлегені туралы хабарлады.
«2025 жылғы 20 қазанда «KEGOC» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысында 2025 жылғы бірінші жартыжылдықтағы қызмет қорытындылары бойынша «KEGOC» АҚ жай акциялары бойынша дивидендтер төлеу туралы шешім қабылданды; «KEGOC» АҚ акционерлеріне дивидендтер төлеуге жұмсалатын қаражаттың жалпы сомасы 22 млрд 271 млн теңгені құрады; Бір жай акцияға есептегенде дивиденд мөлшері – 80,90 теңге», – делінген хабарламада.
Дивидендтер төленетін кезең – 2025 жылғы 1 қантардан бастап 30 маусымды қоса алғанда; «KEGOC» АҚ жай акциялары бойынша 2025 жылғы бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша дивидендтер алуға құқығы бар «KEGOC» АҚ акционерлерінің тізімі 2025 жылғы 28 қазандағы жағдай бойынша тіркелді.