Halyk Finance талдаушыларының есебінше, KEGOC акциялары алдағы 12 айда 30,4% қымбаттауы мүмкін. Дивидендтерді ескерсек, инвестор үшін жалпы табыстылық 41,7% болуы ықтимал.

Halyk Finance акцияның мақсатты бағасын бұрынғыдай 1 881 теңге деңгейінде қалдырды және сатып алуды ұсынды. Бұл бағалау Freedom Broker болжамына да жақын – онда өсім әлеуеті 34% (дивидендсіз) деп көрсетілген.

Сарапшылардың пікірінше, KEGOC маржиналылығының артуына тарифтердің өсуі оң ықпал еткен. Бұл компания қаржылық нәтижелерін тұрақты түрде жақсартуға мүмкіндік бермек.

Кейінгі бір жылда KEGOC акциялары 2,3% арзандағанымен, сарапшылар алдағы кезеңде өсім қарқыны басым болады деп есептейді.