KEGOC 2025 жылы 70,8 млрд теңге таза пайда тапты

KEGOC 2025 жылы 70,8 млрд теңге таза пайда тапты

Жыл қорытындысы бойынша елдің электр энергетикалық жүйесі тұрақты өсім көрсетті. Электр энергиясын тұтыну 3,8% артып, 124,6 млрд кВт/сағ құрады. Ал электр энергиясын өндіру көлемі 4,4% өсіп, 123,1 млрд кВт/сағатқа жетті. 

KEGOC таза пайдасы рекордтық 70,8 млрд теңгені құрап, 2024 жылмен салыстырғанда 19% жоғары. Бұл туралы компанияның 2025 жылдың қорытынды кеңесінде айтылды.

2025 жылы жасанды интеллект жобаларын енгізу жөніндегі Жол картасы бекітілді. Процестерді цифрландыру деңгейі 52%-ға жетті, ал 2032 жылға дейін автоматтандыру деңгейін 90%-ға дейін жеткізу жоспарланып отыр. Компания тұрақты даму саласындағы бастамаларды да жалғастырды: ESG рейтингі 62 баллға дейін өсіп, әлеуметтік тұрақтылық деңгейі 88%-ды құрады.

2026 жылы қызметтің басым бағыттары ретінде Ұлттық электр торабын дамыту, өндірістік қауіпсіздікті күшейту, инвестициялық жобаларды іске асыру, күзгі-қысқы кезеңге дайындық, жасанды интеллект негізіндегі шешімдерді енгізу және Қазақстан Бірыңғай электр энергетикалық жүйесінің сенімді жұмысын қамтамасыз ету айқындалды.