KEGOC ұлттық электр желілері операторы 2025 жылдың қорытындысы бойынша 22,3 млрд теңге дивиденд төлейді немесе бір жай акцияға 81 теңге. Бұл туралы компания акционерлердің жылдық жалпы жиналысында хабарлады.

«KEGOC-тың 2025 жылғы таза пайдасы 70,8 млрд теңгені құрады, бұл 2024 жылмен салыстырғанда 19% жоғары. 2025 жылдың қорытындысы бойынша дивидендтерге компанияның жылдық таза пайдасының 62,9%-ы бөлінді. Осылайша, 2025 жылдың екінші жартыжылдығы үшін дивидендтерге 22,3 млрд теңге бағытталады, бұл бір жай акцияға шаққанда 81 теңгені құрайды», – делінген хабарламада.

2025 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша KEGOC акционерлеріне 22,27 млрд теңге дивиденд (бір акцияға 80,90 теңге) төлеген.

Жалпы, 2025 жылы KEGOC 70,8 млрд теңге таза пайда тапты, бұл 2024 жылмен салыстырғанда 19% көп.