Kcell компаниясының 2025 жыл қорытындысы бойынша таза пайдасы 14,1 млрд теңгені құрады. Бұл көрсеткіш бір жылда 3,95 млрд теңгеге немесе 38,9% өскен. Бұл турады KASE сайтында жарияланған жылдық есепте көрсетілген.
Таза пайданың өсуіне негізгі үлесті компанияның жалпы пайдасы қосты. Ол клиенттермен жасалған келісімдерден түсетін түсімдер мен мемлекеттік субсидиялар есебінен қалыптасады. Бұл көрсеткіш 9,2% немесе 5,28 млрд теңгеге өсіп, 62,9 млрд теңгеге жетті.
Сонымен қатар оператордың өзге операциялық табыстары айтарлықтай артты — 47,3 есе, яғни 7,13 млрд теңгеге көбейіп, 154 млн теңгеден өсті. Осы факторлар шығындардың өсуін толық жауып, одан асып түсуге мүмкіндік берді.
Компанияның активтері бір жыл ішінде шамамен төрттен бірге өсіп, 101,6 млрд теңгеге артып, 526,2 млрд теңгені құрады. Міндеттемелер де айтарлықтай көбейіп, 87,5 млрд теңгеге өсіп, 330,4 млрд теңгеге жетті.
2025 жылғы 31 желтоқсандағы мәлімет бойынша, Kcell акцияларының 51%-ы Қазақтелеком компаниясына тиесілі. Сондай-ақ ірі акционерлер қатарында KC Holding LTD (14,87%) және Alatau City Bank (9,08%) бар, олар миллиардер Вячеслав Ким-ге тиесілі. Бұдан бөлек, БЖЗҚ үлесі 7,06%.