Kaspi.kz 2026 жылдың I тоқсанының қорытындысы бойынша жай акцияларына 850 теңгеден дивиденд төлейді.
Тиісті шешім 11 маусымда өткен акционерлердің жылдық жалпы жиналысында қабылданды. Дивиденд алу құқығына 2026 жылғы 10 маусымдағы жағдай бойынша акционерлер тізімінде тіркелген тұлғалар ие болады.
KASE деректеріне сәйкес, 1 сәуірдегі жағдай бойынша компанияның айналымда 190 027 266 жай акциясы бар. Осылайша, бірінші тоқсан үшін төленетін дивидендтердің жалпы көлемі шамамен 161,5 млрд теңгені құрайды.