Jusan Invest брокері өзінің жалғыз акционері Ғалымжан Есеновке 2019-2024 жылдарға дивиденд ретінде 10 млрд теңге төлейді. Бұл кезеңде компания ешқашан дивиденд төлемеген, енді ол 2024 жылғы барлық дерлік пайдасын (10,5 млрд) осы мақсатқа жұмсайды, деп хабарлайды KASE.
Айта кетейік, брокер 2019 жылы 255,4 млн теңге, 2020 жылы 541,4 млн теңге, 2021 жылы 916,6 млн теңге, 2023 жылы 2 млрд теңге, 2024 жылы 6,2 млрд теңге таза пайда тапқан. 2022 жылға дивиденд төленбейді.
Бұлайша дивиденд алу арқылы Есенов Jusan тобын сатуға дайындалып жатқанын көрсетуі мүмкін. Яғни, акционер кетіп бара жатып барынша көбірек қаражат шығарып алмақ, бұл нарықта бар тәжірибе.
Еске салайық, ақпан айында Kaspi акционері Вячеслав Ким ҚНРДА-ге Jusan Bank-ті сатып алу туралы өтініш берген болатын. Бұл банк 2021-2023 жылдары дивиденд төлемеген. 2024 жылға арналған пайданы бөлу мәселесі 15 мамырда өткен акционерлердің жылдық жиналысында қаралды, бірақ шешім әлі жарияланған жоқ.