Jusan Bank акционерлерінің жалпы жиналысында 2024 жылға жай акциялар бойынша дивидендтер төлемеу туралы шешім қабылданды. Бұл туралы банк KASE-ге хабарлады.
«Банктің өткен жылғы таза кірісін бөлмеу және оны бөлінбеген таза кіріске бағыттау туралы шешім қабылданды. Шешім бірауыздан қабылданды», — делінген банк хабарламасында.
Jusan Bank үшінші жыл бойы акционерлеріне дивиденд төлемеді.
Сонымен қатар, банк атауын «Alatau City Bank» АҚ-қа өзгертті. Банк жарғысына тиісті өзгертулер ағымдағы жылдың 15 мамырында өткен акционерлердің жылдық жалпы жиналысының шешімімен енгізілген.
Заңды түрде банктің атауы мемлекеттік қайта тіркеуден өткен күннен бастап өзгереді.