Өнеркәсіп комитеті төрағасының орынбасары Мұхамед Андаков мәліметінше, Қазақстандағы жеңіл өнеркәсіптің нарығы 2024 жылы 4,3 млрд АҚШ долларын құрады, оның ішінде отандық өндірушілердің үлесі шамамен 6% болды.
Жалпы ішкі өнімдегі жеңіл өнеркәсіптің үлесі 0,09%, өнеркәсіптік өндірісте – 0,4%, ал өңдеу өнеркәсібінде – 0,9% құрайды.
Бұл сала 28 мың адамды жұмыспен қамтып отыр, оның 60%-ын әйелдер құрайды.
Жеңіл өнеркәсіптің өндірістік көлемі 2024 жылы 211,6 млрд теңгені құрап, нақты көлем индексі 86,8% болды. Соңғы 3 жылда жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің экспорты 2,5 есе артты. Бұл саланың негізгі капиталына 12,4 млрд теңге көлемінде инвестициялар тартылды.