Бизнес субъектілеріне берілген несиелер 2025 жылғы қыркүйекте негізінен айналым қаражатын сатып алуға берілген қарыздардың 2,5%, 5,6 трлн теңгеге өсуі есебінен 14,7 трлн теңгеге дейін 2,5% ұлғайды (2025 жылдың басынан 12,1% өсім).
Оның ішінде ірі бизнеске берілген қарыздар 2,7%, 5,3 трлн теңгеге дейін, шағын және орта бизнес субъектілеріне берілген қарыздар 2,3%, 6,4 трлн теңгеге дейін ұлғайды.
Жеке кәсіпкерлерге берілген несиелер бір айда 2,3%, 3 трлн теңгеге дейін өсті (2025 жылдың басынан 29,2% өсім).
Салалар бөлінісінде биыл 9 айда несиелердің өсуі барлық салада байқалды: өнеркәсіпте – 4,9 трлн теңгеге дейін 10,8% өсім, саудада – 4 трлн теңгеге дейін 15,1% өсім, ауыл шаруашылығында – 530 млрд теңгеге дейін 10,1% өсім, құрылыста – 769 млрд теңгеге дейін 13,3% өсім, ақпарат және байланыс салаларында – 203 млрд теңгеге дейін 32,4% өсім, көлікте – 937 млрд теңгеге дейін 4,8% өсім.
2025 жылғы қыркүйекте бизнес субъектілеріне 1,8 трлн теңге сомаға жаңа қарыздар берілді. Ал 2025 жылғы 9 айда бұл көрсеткіш 13,9 трлн теңгені құрап, 2024 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 9,1% көп болды.
Бизнес субъектілеріне ұлттық валютада берілген несиелер бойынша сыйақының орташа алынған мөлшерлемесі 2025 жылғы қыркүйектің қорытындысы бойынша 21,6% болып, 0,1 п.т. ұлғайды. Ірі бизнестің теңгемен несиелері бойынша сыйақының орташа алынған мөлшерлемесі 19%, ШОБ субъектілеріне – 19,2%, жеке кәсіпкерлерге – 31,3% болды.