Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) аумағындағы импорттық автомобильдер нарығы үлкен өзгеріске ұшырағалы тұр. Kolesa.kz порталының хабарлауынша, бес елдің вице-премьерлері қатысқан ЕЭК Кеңесінің отырысында «сұр» дилерлердің жұмысын айтарлықтай шектейтін қатаң шаралар қабылданды.
Ресми мәртебе — көлік әкелудің жалғыз шарты. Құжатқа сәйкес, бұдан былай ЕАЭО аумағына жаңа көліктерді тек автоөндірушілердің заңды өкілдері ғана жеткізе алады. Ал жеке автосалондарға тек шыққанына үш жылдан асқан көліктерді ғана әкелуге рұқсат берілмек. Тіпті белгілі бір брендтер ресми түрде өкілдігін ашпаған елдер үшін де ешқандай жеңілдік жасалмайды.
Шешім 2025 жылдың соңына дейін жариялануға тиіс, ал бір айдан кейін — 2026 жылдың қаңтар айының соңғы онкүндігінде жұмысын бастайды. Жаңа регламентте ешқандай өтпелі кезең қарастырылмаған. Сондықтан бейресми дилерлер тапсырыс беріп қойған немесе жолда келе жатқан көліктерін рәсімдеп үлгермей қалуы мүмкін.
Бұл қатаң шаралар тек коммерциялық секторға ғана қатысты. Қарапайым сатып алушылар үшін 2024 жылдың соңында Қазақстанда енгізілген қолданыстағы механизм сақталады: жеке тұлғалар өз қажеттілігі үшін жылына бір көлік әкеле алады.