Жаңа Салық кодексінде KASE-дегі 81 компанияның 12-сі ғана дивиденд салығынан босатылады

Жаңа Салық кодексінде KASE-дегі 81 компанияның 12-сі ғана дивиденд салығынан босатылады

Қазақстан қор биржасының (KASE) тізімінде тұрған 81 эмитенттің тек 12-нің ғана акциясы 2024 жылдың қорытындысы бойынша дивиденд салығынан босатылады. Бұл туралы OD Consulting серіктесі Арман Батаев жазды.

«Жыл басынан бері акциялардың KASE биржасынан бесінші делистингі жүргізілуіне байланысты, сондай-ақ дивидендтерге салық салуға қатысты Салық кодексіне жоспарланған өзгерістерді ескере отырып, мен KASE акцияларының биржалық сегментінің қазіргі жағдайын талдауды және листингілік бағалы қағаздардың қайсысының дивидендтерді салық салудан босатуға қажетті критерийлерге сәйкес келетінін анықталды», — дейді сарапшы.

Биржада акцияларды саудалаған кезде дивиденд салығынан босату үшін екі критерий бір мезгілде орындалуы керек: Қазақстан Республикасында жұмыс істейтін биржаларда жасалған операциялардың айлық көлемі кемінде 25 млн теңге, ал мәмілелердің саны 50-ден кем болмауы тиіс.

2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша, KASE листингінде 81 эмитентке тиесілі 96 акция шығарылымы (жай және артықшылықты) бар. Сарапшы тек қарапайым акциялардың саудасын қараған.

2024 жылы 81 эмитенттің тек 12-сі ғана критерийлерге сай болды:

1. Эйр Астана

2. ҚазМұнайГаз

3. Қазақтелеком

4. Қазақстан Халық банкі

5. Kcell

6. KEGOC

7. Қазатомөнеркәсіп

8. Kaspi.kz

9. ForteBank

10. ЦентрКредит Банкі

11. ҚазТрансОйл

12. Freedom Holding Corp.

Негізінде, бұл 12 акция Solidcore on AIX-пен бірге бүкіл ішкі акциялар нарығын құрайды.