1 сәуірде мораторий мерзімі аяқталды. Баға бір аптаға жетпей өсті. 6 сәуірде ірі желілер АИ-92 мен дизельдің құнын көтерді. Айырмашылық айтарлықтай жоғары емес, бар болғаны 1 теңгеге қымбат, деп хабарлайды Koleso.kz.
Helios, Sinooil және Qazaqoil АИ-92-нің литрін 240 теңгеге, дизельді 336 теңгеге сатып жатыр. Royal Petrol мен «Газпромнефть» әзірге бұрынғы бағаны сақтап тұр.
Елордада АИ-92 қазір 236–238 теңге тұрады, дизельдің литрі 323–328 теңге болды.
Шымкентте 92-нің құны 223–226 теңге аралығында, дизель 334 теңгеге сатылып жатыр.