Ауыл шаруашылығы министрлігі отарлы мал шаруашылығын қолдауға арналған «Жайлау» жаңа несие өнімін әзірлеуде.
Ол 2026-2030 жылдарға арналған етті мал шаруашылығын дамытудың Кешенді жоспарын іске асыру шеңберінде іске қосылатын болады.
Жылдық 6% несие 300 бас ІҚМ немесе 1000 бас қой өсіретін шаруашылықтар құруға арналған.
Несие ресурсының мақсаты:
- базалар мен қашалар салу;
- жылжымалы тұрғын вагондарды сатып алу;
- күн панельдерімен қамтамасыз ету;
- жайылымдарды суландыру және қоршау;
- интернетке қосылу;
- жұмысшыларға арналған тұрғын үй құрылысы.
«Бұл тәсіл шалғайдағы жайылымдарды игеруге және халықты ауылдық жерлерге тартуға бағытталған», — дейді Ауыл шаруашылығы министрлігі.
Кешенді жоспарды іске асырудың барлық бес жылы ішінде 250 млрд теңге сомасында (жылына 50 млрд теңгеден) несие беру көзделіп отыр.