Қазақстанда қытайлық JAC маркасының барлық моделінің бағасы төмендеді. Компанияның ресми хабарламасына сәйкес, жеңілдіктер кей жағдайда 2,6 млн теңгеге дейін жетеді.
Лифтбектер: J7 және J7 Plus
Баға өзгерісі ең алдымен J7 сериясына әсер етті.
JAC J7 – қазірден бастап 8,9 млн теңгеден басталады (–800 мың теңге).
J7 Plus – 1,1 млн-ға арзандап, 9,6 млн теңгеден сатыла бастады.
Кроссоверлер: ауқымды жеңілдіктер
Кроссоверлер ішінде бірнеше модель айтарлықтай арзандаған:
• JS4 – 8 млн теңге (–900 мың);
• JS5 – 8,6 млн теңге (–2,1 млн);
• JS6 – 8,9 млн теңге (–2,6 млн, ең көп жеңілдік осы модельде);
• JS8 – 11,6 млн теңге (–1,5 млн).
Сарапшылардың пікірінше, орташа класс сегментіндегі JS6 бағасының төмендеуі тұтынушылар үшін ең тартымды ұсыныс болуы мүмкін.
Электромобиль: e-J7
Электр седаны да арзандады. JAC e-J7 бағасы қазан айында 700 мың теңгеге төмендеп, 12,3 млн теңгеден сатылып жатыр. Бұл JAC-тың Қазақстан нарығында электрлі көлікке сұранысты ынталандыруға қадам жасап отырғанын көрсетеді.
JAC модельдік қатарының ішінде ең арзан көлік – S3 Pro. Қазір ол 7,5 млн теңгеден бастап ұсынылған.
Айта кетсек, бұған дейін қытайлық Changan бренді Қазақстандағы барлық моделіне бағаны 10–19,5% түсіргенін хабарлаған едік. Сонымен қатар ресми автодилерлер жаңа көліктердің бағасын төмендетіп жатыр. Бұған дейін Chery, Changan мен Havel модельдері 7-15% арзандайтынын жазған едік. Оған дейін Kia көліктері 4 млн теңгеге дейін арзандады. Сондай-ақ BYD, Changan, Chery және Hyundai маркалары арзандағаны жарияланған еді. Одан кейін Қазақстанда Hyundai Elantra седанына жеңілдіктер жарияланған болатын.