ITS халықаралық сауда алаңы инвестициялық құралдар тізімін кеңейтуді жалғастыруда: алаңдағы сауда-саттыққа мемлекеттік және корпоративтік сукук – көбіне облигациялардың баламасы деп қарастырылатын исламдық бағалы қағаздар жіберілді. Бұл туралы Қазанда өткен халықаралық исламдық экономикалық форумда ITS алаңының CEO Құрмет Оразаев хабарлады.

«Бүгін Парсы шығанағы елдерінің бірқатар ірі эмитентінің сукуктарын ITS алаңындағы сауда-саттыққа қатыстыру туралы шешім қабылдануы – платформамызды дамытудағы және клиенттерге жаңа инвестициялық мүмкіндіктер туғызу бағытында жасалған дәйекті қадам», – деді Құрмет Оразаев форум барысында.

«Сукук» термині құжат немесе сертификат дегенді білдіретін арабтың «сакк» деген сөзінен шыққан. Қазіргі қаржылық тәжірибеде сукук инвесторға нақты активтегі, жобадағы немесе бизнестегі үлеске құқық беретін исламдық қаржы құралдары. Классикалық облигациялардан айырмашылығы, сукук қағаздарында шариғат нормалары бойынша риба ретінде тыйым салынған тиянақталған пайыз төлеу көзделмейді.

ITS сауда-саттық алаңы «Астана» халықаралық қажы орталығымен бірге исламдық қаржы бағытын жоспарлы түрде дамытып келеді. Алаңның негізгі жобаларының бірі өзінің ITS Shariah индексі болды, оған қызметі шариғат қағидаттарына сай келетін Американың жетекші 30 компаниясының акциялары кіреді.

Бұдан бөлек, IPS алаңы Capital ITS басқарушы компаниясымен бірге 2025 жылдың басында Орталық Азия мен күнгей Кавказдағы алғашқы шариғаттық индекстік ETF – ITSS қорын іске қосты. Қор ITS Shariah индексінің динамикасын қайталайды және инвесторларға индекстің құрамындағы акциялардың әртараптандырылған портфеліне ыңғайлы қолжетімділік береді.