ITS биржасында жасалған мәміле мамырда екі еседен артық көбейді

ITS биржасында жасалған мәміле мамырда екі еседен артық көбейді

ITS халықаралық сауда алаңындағы бағалы қағаздар сауда-саттығының көлемі 2025 жылдың мамыр айында 1,14 млрд долларға дейін өсті, бұл өткен айдағы сауда-саттық көлемінен (0,96 млрд доллар) 19% көп.

Мамыр айында жасалған мәмілелер саны өткен айдағы 211 мыңға жуық көрсеткішпен салыстырғанда 449 мыңнан асты.

Ұзақ мерзімді перспективада сауда-саттық көлемі тұрақты өсу үрдісінің бар екенін көрсетеді. Бұған белсенді инвесторлар санының артуы да, нарыққа жаңа қатысушылардың қосылуы да ықпал етеді. Мамыр айында ЦентрКредит Банкі мен Қазпошта ITS алаңындағы сауда-саттыққа қатысушы мәртебесіне ие болды. Жақын арада олар өздерінің клиенттеріне платформаға қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Сауда-саттық көлемінің өзгеруі сондай-ақ жаһандық қаржы нарығындағы көңіл-күйді және ITS алаңында сауда-саттықта қатысатын ETF сияқты жаңа құралдарға, атап айтқанда, сауда алаңының өз индекстеріне сұраныстың артып отырғанын көрсетеді.

Мамыр айында инвесторлардың ең үлкен сұранысына ие болған шетелдік бағалы қағаздар ондығына Tesla (TSLA), NVIDIA (NVDA), Marathon Digital Holdings (MARA), SOXL, Alphabet Class A (GOOGL), Freedom Holding Corp. (FRHC), AMD, Palantir (PLTR), Coinbase (COIN) акциялары, сондай-ақ SOXS қоры кірді.

Мамыр айының соңында ITS алаңындағы инвесторларға бастапқы листингі Американың NYSE және NASDAQ биржаларында, сондай-ақ Қазақстанның AIX биржасында жасалған АҚШ, Еуропа және Азияның компаниялары мен ETF қорларының 3 мыңнан астам акциясы мен депозитарлық қолхаты қолжетімді болды.

2024 жылдан бастап ITS алаңының өзінің есеп айырысу және клиринг инфрақұрылымы бар. Бұл инфрақұрылымға Central Securities Depository Limited (ITS орталық депозитарийі) кіреді, ол бағалы қағаздарды сақтау және онымен есеп айырысу бойынша депозитарлық қызмет көрсетеді. Депозитарий АҚШ салық қызметінен Ұстап тұратын білікті делдал (Qualified Intermediary with primary withholding responsibility, WQI) мәртебесін алды.

Central Counterparty (ITS орталық контрагенті) клирингке қатысушылардың барлық міндеттемелері бойынша бір тарапы болып табылады және ITS сауда алаңында жасалатын мәмілелер бойынша клирингті жүзеге асырады.