Ірі қара экспортына тыйым салынды

Ірі қара экспортына тыйым салынды

Сиыр етінің бағасы жыл басынан бері 11,9% қымбаттады. Бағаның одан әрі өсуін тежеу ​​үшін Сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу жөніндегі ведомствоаралық комиссия үш ай мерзімге ірі қара малды экспорттауға тыйым салу туралы шешім қабылдады. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлады.

Еске салайық, Қазақстанда соңғы жарты жылда 85 мың бас бұқа экспортына квота белгіленген. Квотаның аяқталуына байланысты Ауыл шаруашылығы министрлігі шектеуді созып, квотаны 60 мың басқа дейін азайтуды жоспарлаған болатын.