Home Credit Bank АҚ акционерлері банктің 2024 жылдағы таза пайдасын бөлмеу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды KASE.
Акционерлер былай шешім қабылдады:
- банктің 2024 жылға аудиттелген жылдық қаржылық есептілігі бекітілсін;
- банктің 2024 жылдағы 35 427 317 000 теңге мөлшеріндегі таза табысы бөлінбесін.
Акционерлердің жалпы жиналысында күн тәртібіндегі жеті мәселе бойынша шешім қабылданды.