Халыққа берілетін несие 2025 жылы 19,8%, 24,8 трлн теңгеге дейін өсіп (2025 жылғы желтоқсанда – 0,8% өскен), 2024 жылғы 23,9%, өсумен салыстырғанда бәсеңдеді. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің банк секторының жай-күйі туралы есебінде айтылған.
Халыққа берілген несие құрылымында ипотекалық кредиттер 2025 жылы 14,6%, 6,9 трлн теңгеге дейін, тұтынушылық несие 21,0%, 16,7 трлн теңгеге дейін (2025 жылғы желтоқсанда 0,5% өскен) өсіп, 2024 жылғы 33,5% өсумен салыстырғанда бәсеңдеді, соның ішінде кепілсіз тұтынушылық несиенің өсуі 2024 жылғы 29,3%-дан 2025 жылдың қорытындысы бойынша 14,5%-ға дейін баяулады. Өз кезегінде, қабылданған тежеуші шаралардың нәтижесінде жаңа кепілсіз тұтынушылық қарыз берудің өсу қарқыны 2024 жылғы 22,6%-дан 2025 жылдың қорытындысы бойынша 6,1%-ға дейін бәсеңдеді.
Бұл ретте тұтыну несиесінің өсуіне авионесие елеулі үлес қосты, автонесие 2025 жылы 42,4% өсіп, 4 трлн теңгеге жетті.
2025 жылдың қорытындысы бойынша екінші деңгейдегі банктердің несие портфелінің сапасы жоғары деңгейде сақталады. Мәселен, 2026 жылғы 1 қаңтарда мерзімі өткен берешегі 90 күннен асатын қарыздар (NPL90+) деңгейі несие портфелінің 3,6%-ын немесе 1 575 млрд теңгені (2025 жылғы 1 қаңтарға – 3,1% немесе 1 094 млрд теңгені) құрады. Соның ішінде бизнеске берілген қарыз портфелі бойынша NPL90+ қарыздардың үлесі 2,7%-ды немесе 504 млрд теңгені құрады (2025 жылғы 1 қаңтарда – 2,1% немесе 304 млрд теңге), ал халыққа берілген несие портфелінде – 4,3%-ды немесе 1 072 млрд теңгені құрады (2025 жылғы 1 қаңтарда – 3,8% немесе 790 млрд теңге).