Халықтың мойнында 1,4 трлн теңге микронесие бар

Халықтың мойнында 1,4 трлн теңге микронесие бар

Микроқаржы ұйымдарының активтері 2026 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша кредиттік серіктестіктердің дебиторлық берешек көлемінің төмендеуі салдарынан 2026 жылғы I тоқсанда 0,4% азайып (2025 жылы 17,3% өсім), 3,5 трлн теңгені құрады.

Микроқаржы ұйымдарының активтерінің құрылымында ең көп үлес микроқаржы ұйымдарына – 1,7 трлн теңге немесе 48,2%, кредиттік серіктестіктерге – 1,2 трлн теңге немесе 33,3%, ломбардтарға –  0,7 трлн теңге немесе 18,6% тиесілі.

Микроқаржы ұйымдарының несие портфелі 2026 жылғы I тоқсанда 1,4%, 3,1 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2025 жылы 12,3% өсім). Микроқаржы ұйымдарының микронесие құрылымында бизнес субъектілеріне берілген микронесие үлесі – 54,9%, халыққа берілген микронесие үлесі – 45,1%.   

Бизнес субъектілеріне берілген микронесие портфелі 2026 жылғы I тоқсанда несиелік серіктестіктер берген маусымдық қарыздарды өтеуге байланысты 1,6%, 1,7 трлн теңгеге дейін азайды (2025 жылы 7,4% өсім).

Халыққа берілген қарыздардың портфелі негізінен ломбардтар берген тұтынушылық микронесие 15,3% ұлғаюы есебінен 2026 жылғы I тоқсанда 5,4% ұлғайып, 2026 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша 1,4 трлн теңге болды (2025 жылы 19,5% өсім).

Микроқаржы ұйымдарының портфеліндегі 90 күннен астам төлем мерзімі өткен қарыздардың (NPL90+) деңгейі 2026 жылғы 1 сәуірде 4,0% болды (01.01.2026ж. – 3,9%). Жеке тұлғалардың портфелінде осы көрсеткіш 4,9%-ды құрады (01.01.2026ж. – 5,0%).

2026 жылғы I тоқсанда МҚҚЖҰ-ның міндеттемелері несиелік серіктестіктердің оларды өтеуі салдарынан тартылған қарыздардың төмендеуі есебінен 0,6%, 2,3 трлн теңгеге дейін азайды (2025 жылы 14,8% өсті). Қорландыру құрылымындағы негізгі үлес алынған қарыздарға тиесілі, олардың үлесі жиынтық міндеттемелердің 60,8%-ын немесе 1,4 трлн теңгені құрайды.

Микроқаржы ұйымдарының меншікті капиталы негізінен микроқаржы ұйымдарының қосымша төленген капиталдың (сыйлықақылардың) өсуі есебінен 2026 жылғы I тоқсанда 0,1% ұлғайып, 2026 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша 1,3 трлн теңгені құрады (2025 жылы 21,9% өсім).