Резиденттердің депозиттік ұйымдардағы депозиттері 2025 жылғы сәуірде негізінен ұлттық валютадағы депозиттердің 2,6%, 31,9 трлн теңгеге дейін ұлғаюы нәтижесінде 2,1%, 41,3 трлн теңгеге дейін ұлғайды.
Валюталық депозиттер 0,3%, 9,4 трлн теңгеге дейін, оның ішінде теңгенің АҚШ долларына қатысты әлсіреуі аясында оң қайта бағалау нәтижесінде өсті. Нәтижесінде 01.05.2025ж. жағдай бойынша депозиттерді долларландыру деңгейі бір ай бұрынғы 23,2%-дан аздап төмендеп, 22,8%-ды құрады.
Заңды тұлғалардың депозиттері 2025 жылғы сәуірде 1,7%, 18,5 трлн теңгеге дейін өсті, жеке тұлғалардың депозиттері 2,4%, 22,8 трлн теңгеге дейін өсті.
Банктік емес заңды тұлғалардың ұлттық валютадағы мерзімді депозиттері бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 2025 жылғы сәуірде 15,4%-ды (2025 жылғы наурызда – 15,0%), жеке тұлғалардың депозиттері бойынша 14,0%-ды құрады (2025 жылғы наурызда – 13,6%).