Халықтың банктерде 26,6 трлн теңге депозиті жатыр

Халықтың банктерде 26,6 трлн теңге депозиті жатыр

Резиденттердің депозиттік ұйымдардағы депозиттері 2026 жылғы сәуірде шетел валютасындағы депозиттердің ұлғаюы есебінен 47,1 трлн теңгеге дейін 1,1% ұлғайды (2026 жылдың басынан бастап 1,8% төмендеген).

Заңды тұлғалардың депозиттері 0,7%, 20,5 трлн теңгеге дейін, жеке тұлғалардың депозиттері 1,4%, 26,6 трлн теңгеге дейін ұлғайды.

Ұлттық валютадағы депозиттер алдыңғы аймен салыстырғанда 0,5%, 37,5 трлн теңгеге дейін ұлғайды. Шетел валютасындағы депозиттер бір айда 3,3%, 9,6 трлн теңгеге дейін азайды. Нәтижесінде 2026 жылғы 1 мамырда долларлану деңгейі 20,4%-ға дейін ұлғайды (2026 жылғы наурызда – 19,9%).

Банктік емес заңды тұлғалардың ұлттық валютадағы мерзімді депозиттері бойынша орташа өлшенген сыйақы мөлшерлемесі 2026 жылғы сәуірде 16,8%-ды (2026 жылғы наурызда – 16,7%), жеке тұлғалардың депозиттері бойынша 14,8%-ды (2026 жылғы ақпанда – 15,0%) құрады.