Депозиттік ұйымдардағы резиденттердің депозиттері 2025 жылғы қарашада негізінен шетел валютасындағы депозиттердің  АҚШ долларына қатысты теңге бағамының нығаюы аясында 9,3 трлн теңгеге дейін 1,8% төмендеуі нәтижесінде 0,5%, 44,5 трлн теңгеге дейін азайды. Ұлттық валютадағы депозиттер 0,2%, 35,1 трлн теңгеге дейін азайды. Нәтижесінде 2025 жылғы 1 қарашада долларландыру деңгейі 21,0%-ды құрады (01.01.2025ж. - 22,5%).

Заңды тұлғалардың депозиттері негізінен шетел валютасындағы депозиттердің 1,0%, 4,9 трлн теңгеге дейін азаюы нәтижесінде 2025 жылғы қарашада 0,4%, 19,8 трлн теңгеге дейін азайды. Шетел валютасындағы депозиттердің 2,6%, 4,4 трлн теңгеге дейін азаюына байланысты жеке тұлғалардың депозиттері 0,6%, 24,6 трлн теңгеге дейін азайды.

Банктік емес заңды тұлғалардың ұлттық валютадағы мерзімді депозиттері бойынша сыйақының орташа алынған мөлшерлемесі 2025 жылғы қарашада 16,8%-ды (01.01.2025ж. – 14,0%), жеке тұлғалардың депозиттері бойынша – 14,8%-ды (01.01.2025ж. – 13,2%) құрады.