Халыққа берілген несиелер бір айда 3,1% ұлғайып, 22,7 трлн теңгені құрады (2025 жылдың басынан 14,7% өсім).
Халыққа берілетін несиелер құрылымында тұтынушылық қарыздар 2,1%, 16,0 трлн теңгеге дейін өсті.
Ипотекалық несиелер нарықтық талаптарда берілген ипотекалық қарыздар портфелінің 3,8%, 2,1 трлн теңгеге дейін ұлғаюына байланысты бір ай ішінде 2,5%, 6,6 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2025 жылдың басынан 9,0% өсім).
2025 жылғы тамызда халыққа берілген жаңа қарыздар 1,8 трлн теңгені құрады. Бұл ретте 2025 жылдың 8 айында бұл көрсеткіш 12,9 трлн теңгені құрады, бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13,1% көп.
2025 жылғы тамызда халыққа ұлттық валютада берілген несиелер бойынша сыйақының орташа алынған мөлшерлемесі 19,3%-ды құрады. Теңгемен ипотекалық қарыздар бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 8,6%, тұтынушылық қарыздар бойынша 21,5% болды.
Несие портфелінің сапасы жоғары деңгейде сақталып отыр. 2025 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша банк секторы бойынша 90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар қарыздар (NPL90+) деңгейі өткен ай деңгейінде сақталып, несие портфелінің 3,5%-ын немесе 1,4 трлн теңгені құрады.
2025 жылғы тамыз айында халықтың несиелері бойынша проблемалық берешектің үлесі 4,5% немесе 1 071 млрд теңгені құрады (01.01.2025 ж. – 3,8% немесе 790 млрд теңге).