Halyk қосымшасынан басқа банкке телефон нөмірі арқылы ақша аударуға болады

Halyk қосымшасынан басқа банкке телефон нөмірі арқылы ақша аударуға болады

Енді Halyk қосымшасы арқылы Қазақстандағы кез келген банктің клиентіне бірден ақша жіберуге болады. 

Карта нөмірін термей-ақ, тек ұялы телефон нөмірі бойынша аударуға болады. Тек контактілер тізімінен алушыны таңдап немесе нөмірін қолмен енгізіп, ақша аудара аласыз.

  • Halyk клиенттеріне ұялы нөмір бойынша аударым — 0 теңге  
  • ҚР кез келген банк клиентіне ұялы нөмір бойынша аударым — 200 теңге

Бұған дейін банктерге мобильді төлемдердің банкаралық жүйесіне қосылу міндеттелетінін жазған едік. Ол туралы Ұлттық банк төрағасының орынбасары Берік Шолпанқұлов хабарлаған.