Halyk Bank-тың бас компаниясы 462,2 млрд теңге дивиденд төлейді

Halyk Bank-тың бас компаниясы 462,2 млрд теңге дивиденд төлейді

Halyk Bank-тің бас компаниясы – «АЛМЭКС» холдинг тобы 2025 жылға арналған шоғырландырылған қаржылық есебін бекітіп, дивиденд төлеу туралы шешім қабылдады.

Компанияның 2023, 2024 және 2025 жылдардағы бөлінбеген таза табысынан төленетін дивидендтердің жалпы көлемі 462,2 млрд теңгені құрайды.

Бір жай акцияға шаққандағы дивиденд мөлшері 20 336,55 теңге. Жалғыз акционердің банктік шотына ақшалай төлемдер 2026 жылғы 19 мамырдан басталды.

АЛМЭКС соңғы бірнеше жылда дивиденд төлемеген. 2024 жылдың қорытындысы бойынша да таза табысты бөлуден бас тартқан еді. Алайда холдингтің негізгі активі – Halyk Bank өз акционерлеріне дивидендтерді тұрақты түрде төлеп келді.

Сонымен қатар акционерлер директорлар кеңесінің өкілеттігін тағы 5 жылға, яғни 2031 жылғы 31 тамызға дейін ұзартты. Кеңес құрамында тәуелсіз директорлар Бекжан Пірматов пен Шолпан Айнабаева, сондай-ақ басқарма төрағасы Жомарт Нұрабаев қалды.

Еске салсақ, 2026 жылғы 28 сәуірде АЛМЭКС-тің жалғыз акционері Almex Holding Limited болды. Компания «Астана» халықаралық қаржы орталығы юрисдикциясында тіркелді.