Halyk Bank халықаралық Top Employers Institute ұйымынан Top Employer Kazakhstan 2026 мәртебесін алды. Осылайша банк бұл мәртебені екінші жыл қатарынан растағанын хабарлады.

Неліктен бұл маңызды жетістік?

Top Employers Institute сертификаты — жай ғана «тану сыйлығы» емес, HR-жүйелерді ауқымды деректер негізінде кешенді бағалау. Әдістемеге сәйкес, зерттеу барысында 350-ден астам HR-практика мен 600-ден астам метрика қарастырылады. Сертификатқа өту үшін әрбір бөлім бойынша кемінде 60% нәтижеге қол жеткізу қажет.

«Бұл мәртебе HR-процестер сапасының расталуы ғана емес. Бұл — біздің команданың жетілуін және Halyk Bank-те қалыптастырылып жатқан басқару мәдениетінің мойындалуы. 2025 жылы біз Top Employer мәртебесін алған алғашқы қазақстандық бренд болдық және осы тізімдегі жалғыз қазақстандық бренд болып қалдық. Бұл біздің басқарушылық шешімдеріміздің, адамдарды дамытуға деген көзқарасымыздың, цифрлық трансформация мен көшбасшылық тәсілдеріміздің халықаралық стандарттарға сай екендігін көрсетеді. Мұның артында мыңдаған қызметкерлердің күнделікті еңбегі мен мықты басқару командасы тұр», – деді Halyk Bank Персоналды басқару департаментінің директоры Индира Аширова.

Бағалау HR Best Practices Survey халықаралық зерттеуі аясында жүргізіледі. Ол 6 HR-домен мен 20 тақырыпты қамтиды: people strategy, жұмыс ортасы, оқыту, D&I, wellbeing және басқа бағыттар. Аудит қорытындысы бойынша Halyk Bank халықаралық эталоннан жоғары нәтиже көрсетті.

«2026 жылы ел деңгейінде Top Employer мәртебесін алу Halyk Bank-тің бизнестің ұзақ мерзімді тиімділігін қолдайтын тұрақты және мықты жұмыс ортасын құруға деген ұстанымын көрсетеді. HR-стратегия мен ұйым мақсаттары арасындағы нақты байланыс, үздіксіз жетілдіруге бағытталған тәжірибелердің маңызды екенін дәлелдейді. Біз Halyk Bank-тің Қазақстандағы заманауи еңбек нарығын дамытуға қосқан үлесін мақтан тұтамыз», – деді Top Employers Institute бас директоры Адриан Селигман.

Айта кету керек, 2025 жылы Halyk Bank бұл халықаралық мәртебеге ие болған алғашқы қазақстандық бренд ретінде танылған болатын.

Halyk Bank-тегі HR масштабының контексті

Банк елдегі ең ірі командалардың біріне ие: 14 мыңнан астам қызметкер және 540-тан астам бөлімше мен филиалдан тұратын кең физикалық желі бар. Компания адами капиталды дамытуға және қызметкерлердің кәсіби құзыреттерін жүйелі түрде арттыруға ерекше назар аударады.

Top Employers Institute — HR-стратегияларды бағалау саласындағы жетекші халықаралық ұйым. Сертификаттау бағдарламалары мен аналитикалық құралдар арқылы институт компанияларға персоналды басқару тәжірибесін жетілдіруге, бәсекеге қабілеттілікті арттыруға және тиімді еңбек ортасын құруға қолдау көрсетеді.