2025 жылғы 22 қыркүйекте Halyk Bank акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысында банк акциялары бойынша қосымша дивиденд төлеу мақұлданды. Төлем көзі – өткен жылдардағы бөлінбеген пайда.

Негізгі параметрлер

Дивиденд көлемі: 1 акцияға 21 теңге

Тіркеу күні: 2025 жылғы 23 қыркүйек (Алматы уақытымен 00:00), KASE-дегі Т+2 режиміне сәйкес – 19 қыркүйек

Төлемнің басталу күні: 2025 жылғы 25 қыркүйек

Жалпы дивиденд көлемі

Осыған дейін, наурыз айында Halyk Bank әр акцияға 29,64 теңге дивиденд төлеген еді. Қосымша төлемді есептегенде, 2024 жыл үшін акционерлерге тиесілі жалпы дивиденд 50,64 теңге болды.

Айта кетсек, Halyk Bank I жартыжылдықтағы қаржылық нәтижелерін жариялағанда да 2024 жылға 21 теңгеден дивидент төлейтінін мәлімдеген еді. Одан бұрын да Halyk Bank акционерлері 2024 жылға дивиденд төлеу туралы шешім қабылдады. Дивиденд мөлшері бір акцияға 29,6 теңге, жалпы 322,1 млрд теңге болды. Ал 2024 жылдың аяғында банк қосымша 104,2 млрд теңге дивидент төлейтінін айтты.