Атырау жылу электр станциясы табиғи газдың жаңа бағасына байланысты электр және жылу тарифтерін көтеруі мүмкін, себебі Теңізшевройл (ТШО) Атырау ЖЭО-ға газды мың м³ үшін 7763 теңгеден тікелей жеткізуді тоқтатады, деп жазды Energy Monitor арнасы.
«Ұсыныс: Елдегі тұтынушылардың 85%-дан астамын газбен қамтамасыз ететін QazaqGaz Aimaq компаниясымен газды сатып алу-сату шартын жасасу. Оның тарифтері ТШО-ның қолданыстағы жеңілдікті бағаларынан жоғары. ТШО логикасы түсінікті: Бірнеше жыл бұрын ТШО экспорт көлемінен бас тартып, тауарлық газды толығымен ішкі нарыққа (QazaqGaz-ға) бағыттаған болатын. QazaqGaz-ға Атырау ЖЭО-ға ТШО-дан сатып алатын газ бағасынан төмен бағамен 1 млрд м³ газ жеткізу тиімсіз. Оның үстіне, ұлттық компанияға бір нақты тұтынушы үшін жеңілдікті баға белгілеу қиын», – деп жазды арна.
Арна авторы ертең Ақтаудағы МАЭК те «Атыраудан қай жеріміз кем?» деген сұрақ қоюы мүмкін, оның үстіне МАЭК-тің QazaqGaz алдындағы қарызы 20 млрд теңгеден асып кеткен дейді. Осы кәсіпорынды қолдау үшін депутаттар жақында мемлекеттік ЖЭО-ларға корпоративтік табыс салығын нөлге түсірді. ТШО-ны Атырау ЖЭО-ға қайтадан жеңілдікпен газ жеткізуге міндеттеуі мүмкін. Бірақ Атырау ЖЭО — жеке меншік кәсіпорын. 2024 жылғы оның таза таза пайдасы 10,4 млрд теңге болған.